Басты бетСыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 2023 жылы өткізілген іс-шаралар туралы есеп

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 2023 жылы өткізілген іс-шаралар туралы есеп

 «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының  «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - Дирекция) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде нөмірі 74-02-10 сенім телефоны жұмыс істейді.

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қызметкерлердің хабардар болуын арттыру мақсатында Дирекцияның құрылымдық бөлімшелерінде «Сыбайлас жемқорлық көріністері пайда болған кездегі қызметкерлердің іс-әрекеттері туралы жадынаманы» әзірленіп орналастырылды, сондай-ақ қызметкерлер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттемені» қабылдады.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 18-тармағын және ҚР ПІБ тапсырмасын орндау үшін Дирекция қызметкерлеріне  қызметтік міндеттерін атқару кезінде кез келген сыйлықтарды алуға және беруге тыйым салу туралы ақпарат жеткізілді.

«Қызметкерлерге анонимдік сауалнама жүргізу үшін сауалнама парағының нысаны» әзірленіп, тоқсан сайын Дирекция қызметкерлеріне  анонимді сауалнама жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті өкілінің қатысуымен активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияны толтыру және тапсыру тәртібін түсіндіру мақсатында жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде Дирекция қызметкерлері үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Дирекция қызметкерлері активтер мен міндеттемелер туралы Декларациялар табыс етті.

Дирекцияның құрылымдық бөлімшелерінде Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау үнемі жүргізіледі.

2023 жылдың маусым айында Дирекция «Сервис. Іскерлік этикет» семинары ұйымдастырылды. Семинарға Дирекцияның 40 қызметкері қатысты (шаруашылық жұмыс жөніндегі менеджерлер, пайдалану қызметтерінің техниктері мен инженерлері, қоғамдық тамақтандыру қызметкерлері).

Дирекцияның жаңадан қабылданған қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және іскерлік этика Кодекса бойынша презентация дайындалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Дирекция қызметкерлерімен іскерлік әдеп кодексін сақтау мәселелрі бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.