Басты бетҚазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 45-1-бабына сәйкес «Са...

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 45-1-бабына сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

«Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 45-1-бабына сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың 2 – ші кезені енгізіледі.
Бұл кезенде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (бұдан әрі – Декларация) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары ұсынуы тиіс.
Декларацияны толтыру және тапсыру тәртібін түсіндіру мақсатында 2023 жылғы 14 ақпанда «ҚР ПІБ «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті өкілінің қатысуымен Кәсіпорын қызметкерлері үшін түсіндіру жұмыстардын жүргізілуі ұйымдастырылды.
Бірдей декларациялау туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.