Басты бетҚазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтан...

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өтті Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ҚР ПІБ баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының аппарат басшысы басшылықтың атынан жиынға қатысушыларды Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтады және мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілердің рөлі еліміз үшін маңызды, осы аталған мереке соның куәсі екенін атап өтті.

А. Әмірғалиев Іс Басқармасының қызметкерлеріне айрықша жауапкершілік жүктелген: біз сіздермен бірге Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз етеміз. Бұл міндет барынша жинақылықты, кәсіпқойлықты, тәртіп пен ыждаһаттылықты талап етеді, – деді.

Іс-шараның соңында ішкі аудит бөлімінің бас сарапшысы Ләйла Қарақова «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталды, сондай-ақ мемлекеттік қызметке алғаш және қайтадан келген қызметкерлердің ант қабылдау салтанатты рәсімі ұйымдастырылды.

Анықтама: Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес 23 маусым Мемлекеттік қызметші күні болып белгіленген.