Басты бет » Қызмет

Қызмет

Қызмет саласы

Қызметтік ғимараттарды пайдалану мен оларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін мен Үкіметін жабдықтау функцияларын орындау

Берілетін қызметтер

  1. «Ақорда» резиденциясы мен «Үкімет Үйі» ғимаратын, сондай-ақ Кәсіпорын теңгеріміндегі және Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Тиісті саланың уәкілетті органы Кәсіпорынға қызмет көрсетуге берген басқа да ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету;
  2. Қазақстан Республикасының Президенті мен Премьер-Министрінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Президенті, Премьер-Министрі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Кәсіпорын қызмет көрсететін ғимараттарда өткізетін мәжілістерге, конференциялар мен басқа да ресми іс-шараларға қызмет көрсету;
  3. «Ақорда» резиденциясы мен «Үкімет Үйі» ғимаратын, оның ішінде олардың қызметтік пен өндірістік орынжайлары мен құрылыстарын жиһазбен, еден төсеніштерімен, кілем бұйымдарымен, есептеуіш техника құралдарымен, ұйымдастыру ісі техникасымен, баспа өнімімен, кеңсе, санитарлық-тұрмыстық, санитарлық-гигиеналық заттармен, парфюмерия өнімімен жабдықтау;
  4. Кәсіпорын қызмет көрсететін ғимараттарды, инженерлік жүйелер мен құрылыстарды ағымдағы жөндеуді жүзеге асыру;
  5. қызметтік пен өндірістік-техникалық орынжайларды, жалпы пайдалану орындарын тазалау және күтіп ұстау, аулалар мен іргелес аумақтарды, гүлзарларды, көгал алаңдары мен жасыл екпелерді абаттандыру;
  6. Тиісті саланың уәкілетті органы үшін жобалау-іздестіру, құрылыс-монтаждау және арнайы жұмыстарды орындау кезінде тапсырыс беруші болу және шарттар жасау;
  7. баспа қызметін жүзеге асыру;
  8. қызмет көрсететін ғимараттарда медициналық көмек көрсету пунктін ұйымдастыру.