2019 жылдың 16 қазанында «ҚР ПІБ «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» «Министрліктер үйі» ғимаратының №3 корпусында орналасқан №4 асханасында «Күзгі жәрмеңке» тақырыбында жәрмеңке ұйымдастырылып, өткізілді. Жәрмеңкеде ет жартылай фабрикаттары (сиыр еті турамасы, котлеттер, маринадталған тауық еті, жылқы картасы), ұн өнімдері (варениктер, тұшпара, манты, п/ф қамыр), орталықтандырылған цехтың кондитерлік және нан-тоқаш өнімдері ұсынылды.
