Басты бет » «Қазақстан Республикасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру» тақырыбында семинар өтті

«Қазақстан Республикасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру» тақырыбында семинар өтті

  • by

2019 жылғы 16 шілдеде «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК алаңында «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ-мен бірлесіп, Дирекцияның инженерлік-техникалық қызметкерлері үшін «Қазақстан Республикасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру» тақырыбында семинар өтті.

Семинарды директордың орынбасары Абдулла Кабиденұлы Смағұлов кіріспе сөзбен ашып, талқыланатын тақырыптың маңыздылығын, сонымен қатар Дирекцияның осы салада қол жеткізген нәтижелерін атап өтті.

«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Мемлекеттік энергетикалық тізілім орталығының директоры Алмат Қабыкенов  қатысушыларды институттың қызметімен, Қазақстан Республикасында энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы саясатының стратегиялық мақсаттарымен, Мемлекеттік энергетикалық тізілімін қалыптастыру және жүргізу, оны цифрландыру және кәсіпорындарды жаңғырту жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру жөнінде таныстырды.

Халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры Жәнібек Ахметов энергияны үнемдеу саласындағы ақпараттық хабардарлықты арттыруға бағытталған іс-шаралар жөнінде айтты.

Семинардың қорытындысы бойынша энергия үнемдеу саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы шешім қабылданды, оның ішінде энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобаларды іске асыру механизмдері талқыланды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.