- Ұйымның толық атауы:
«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын
- Басшы: Мүслімов Талғат Өскенұлы – директор
- Өмірбаяны:
Муслимов Талғат Өскенұлы, 1973 жылы туған, білімі жоғары, 1995 жылы Қазақ Еңбек Қызыл Ту ордені ауыл шаруашылығы институтын бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылғы қазаннан 1995 жылғы шілде аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы «Агробанк» АҚ-та бухгалтер-экономист, бас бухгалтердің орынбасары.
1995 жылғы шілдеден 1996 жылғы қаңтар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржылық бақылау мемлекеттік комитеті бөлімшелерінің бақылаушы-ревизоры болып жұмыс істеді.
1996 жылғы мамырдан 1997 жылғы қазан аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық қазынашылық басқармасының Ордабасы аудандық территориялық қазынашылық бөлімінің бірінші санатты маманы болып қызмет етті.
1997 жылғы қарашадан 1998 жылғы қыркүйек аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті басқармасының бақылаушы-ревизоры болып қызмет атқарды.
1998 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы қазан аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Қазынашылық басқармасының бақылаушы-ревизоры, бас қазынашысы, жетекші қазынашысы болып еңбек етті.
2001 жылғы қарашадан 2005 жылғы тамыз аралығында Астана қаласы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржыны бақылау комитетінің бас маман-бас бақылаушы-ревизоры, бөлім бастығы болып жұмыс істеді.
2005 жылғы тамыздан 2019 жылғы қараша аралығында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кеңесші-мемлекеттік ревизоры, бас эксперт-мемлекеттік ревизоры, бас кеңесші-бас мемлекеттік ревизоры, бас кеңесші-мемлекеттік аудитор, мемлекеттік аудит секторының меңгерушісі қызмет атқарды.
2019 жылғы қарашадан 2022 жылғы наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Ішкі аудит және мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау департаментінің директоры лауазымын атқарды.
2022 жылғы сәуірден бастап «ҚР ПІБ «ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары диркциясы» РМК директорының орынбасары болып қызмет атқарды, 2022 жылғы 23 мамырдан бастап кәсіпорын директорының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
Мемлекеттік немесе басқа тіркеуге жататын жеке меншіктегі, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жылжымайтын мүліктердің болуы туралы мәлімет | жер учаскелері: Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек Жолы ауылы, кадастрлық нөмірлері 01-005-056-1655, 01-005-056-1656 |
Мемлекеттік тіркеуге жататын жеке меншіктегі, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс механикалық көлік құралдардың және/немесе тіркемелердің болуы туралы мәлімет | жоқ |
Төлем көзіне салық салынбайтын табыстардың жалпы сомасы туралы мәлімет | 4 000 000 теңге, оның ішінен 1 500 000 теңге депозитте |
Төлем көзіне салық салынатын табыстардың жалпы сомасы туралы мәлімет | 2022 жылғы жалақы – 13 937 870 теңге |
Стандарттың негізгі мақсаттары:
– ғимараттардың, элементтердің қызмет көрсету мерзімінің ұзақтығын арттыру, олардың мерзімінен бұрын тозуы мен бұзылуынан сақтау.
– жылу беру, суық және ыстық сумен қамту, кәріздеу, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сору-тарту желдету, ауа баптау және лифтілер жүйелерінің үздіксіз, апатсыз және қауіпсіз жұмыстарымен қамтамасыз ету.
– барлық ғимараттар мен құрылыстардың және оларға тиесілі жабдықтар мен құралдарының өрт қауіпсіздігі.
– санитарлық-гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз ету болып табылады.
2014 жылы ISO 50001 халықаралық стандартына сәйкестендірілген энергетикалық менеджмент жүйесі енгізілді, соның нәтижесінде тұтынуды бақылау және есепке алу, энергияны тұтынуды талдау және энергияны үнемдеу шараларын енгізу процестері ретке келтірілді. Бұл энергия ресурстары мен суды тұтыну саласын жедел анықтауға, сондай-ақ оларды төмендету үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
2016 жылы кәсіпорында Кайдзен философиясының үнемді өндірісі жүйесі тәжірибе ретінде енгізілді. Еңбек өнімділігін арттыру, жалпы барлық сапаны бақылау, ыңғайлы және тиімді жұмыс орны негізгі мақсаты болып табылады.
Құрылымдық бөлімшелер өзінің жұмыстарында ИСО 31000 халықаралық стандартына негізделген тәуекел-бағытталған тәсілді қолданады, нәтижесінде тәуекелдер анықталады және бағаланады, сондай-ақ оларды төмендету үшін шаралар қабылданады.
Кәсіпорын қызметкерлері әртүрлі аккредиттелген отандық және «Siemens», «Bosh» секілді жетекші шетелдік компаниялардың ұйымдастыруымен өткізілетін семинарлар мен біліктіліктерін арттыру курстарына үнемі қатысып отырады.
Қызмет көрсететін ғимараттарда мемлекеттік қызметшілермен бірге жұмыс орындарында өрт қауіпсіздігін сақтау жұмыстарын жүргізеді.
Министрліктер Үйінде мемлекеттік органдардың қызметкерлері ғимараттарға қызмет көрсету және пайдалану бойынша өзінің ескертулері мен ұсыныстарын қалдыра алатын кері байланысы бар интерактивті дисплейді орнату жөніндегі жоба жүзеге асырылды.
Басшының орынбасарлары:
Басшылардың аты-жөні | Лауазымы | Кабинет нөмірі | Қабылдау күні, уақыты |
Мүслімов Талғат Өскенұлы | Директор | Б101а | Әр айдың үшінші сәрсенбісі 17:00-18:00 |
Оспанов Ерлан Елеусізұлы | Директордың орынбасары | Б105 | Әр айдың төртінші бейсенбісі 17:00-18:00 |
Логинов Дмитрий Геннадьевич | Директордың орынбасары | Б102 | Әр айдың соңғы жұмасы 17:00-18:00 |
Әлиев Әлібек Әлиұлы | Директордың орынбасары | Б 106 | Әр айдың төртінші бейсенбісі 17:00-18:00 |
Әкімов Жеткерген Төлегенұлы | Директордың орынбасары | Ақорда 098 б | Әр айдың екінші сейсенбісі 17:00-18:00 |