«ҚР ПІБ «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы»

Шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК

«Адал еңбек - жоғары сапа кепілі»

Басшылық туралы мәлiмет


1. Ұйымның толық атауы:

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК

2. Басшы: Инербаев Ергазы Оразбаевич – директор.

3. Өмірбаяны:

Инербаев Ергазы Оразбаевич, 1967 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 1993 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтын бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша, 2005 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономика университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы Алтай өлкесінің «Бурлинский» совхозында агроном болудан бастаған.

1993 жылдан 1998 жыл аралығында әртүрлі ауыл шаруашылық кәсіпорындарда жұмыс істеген.

1998 жылдан 2000 жыл аралығында Астана қаласындағы «Целинлада» акционерлік қоғамда бас бухгалтер қызметін атқарған.

2000 жылдан 2007 жыл аралығында Астана қаласындағы «Тойота Центр Астана» ЖШС «АSTANA MOTORS LADA» ААҚ директоры лауазымын атқарған.

2007 жылғы желтоқсаннан 2012 жылғы наурыз аралығында ҚР Президенті Іс Басқармасының «Бүркіт» ҰАК РМК директорының экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымын атқарған. 2009 жылғы қаңтардан 2010 жылғы сәуір аралығында «Бүркіт» ҰАК РМК директорының міндетін атқарған.

2012 жылғы наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК директорының орынбасары,2012 жылғы маусымнан бастап директоры лауазымын атқарып келеді.

Е. Инербаев кәсіпорынның кәсіби және технологиялық жағынан дамуына ерекше көңіл бөледі. Кәсіпорында объектілерге қызмет көрсету жөніндегі ұйым стандарты қолданысқа енгізілді, соның нәтижесінде Кәсіпорынның теңгеріміндегі ғимараттарға қызмет көрсету және жөндеу жүйелерінің құрамы мен жұмыс істеу тәртібі белгіленді.

Стандарттың негізгі мақсаттары:

- ғимараттардың, элементтердің қызмет көрсету мерзімінің ұзақтығын арттыру, олардың мерзімінен бұрын тозуы мен бұзылуынан сақтау.

- жылу беру, суық және ыстық сумен қамту, кәріздеу, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сору-тарту желдету, ауа баптау және лифтілер жүйелерінің үздіксіз, апатсыз және қауіпсіз жұмыстарымен қамтамасыз ету.

- барлық ғимараттар мен құрылыстардың және оларға тиесілі жабдықтар мен құралдарының өрт қауіпсіздігі.

- санитарлық-гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз ету болып табылады.

2014 жылы ISO 50001 халықаралық стандартына сәйкестендірілген энергетикалық менеджмент жүйесі енгізілді, соның нәтижесінде тұтынуды бақылау және есепке алу, энергияны тұтынуды талдау және энергияны үнемдеу шараларын енгізу процестері ретке келтірілді. Бұл энергия ресурстары мен суды тұтыну саласын жедел анықтауға, сондай-ақ оларды төмендету үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

2016 жылы кәсіпорында Кайдзен философиясының үнемді өндірісі жүйесі тәжірибе ретінде енгізілді. Еңбек өнімділігін арттыру, жалпы барлық сапаны бақылау, ыңғайлы және тиімді жұмыс орны негізгі мақсаты болып табылады.

Құрылымдық бөлімшелер өзінің жұмыстарында ИСО 31000 халықаралық стандартына негізделген тәуекел-бағытталған тәсілді қолданады, нәтижесінде тәуекелдер анықталады және бағаланады, сондай-ақ оларды төмендету үшін шаралар қабылданады.

Кәсіпорын қызметкерлері әртүрлі аккредиттелген отандық және «Siemens», «Bosh» секілді жетекші шетелдік компаниялардың ұйымдастыруымен өткізілетін семинарлар мен біліктіліктерін арттыру курстарына үнемі қатысып отырады.

Қызмет көрсететін ғимараттарда мемлекеттік қызметшілермен бірге жұмыс орындарында өрт қауіпсіздігін сақтау жұмыстарын жүргізеді.

Министрліктер Үйінде мемлекеттік органдардың қызметкерлері ғимараттарға қызмет көрсету және пайдалану бойынша өзінің ескертулері мен ұсыныстарын қалдыра алатын кері байланысы бар интерактивті дисплейді орнату жөніндегі жоба жүзеге асырылды.

4. Басшының орынбасарлары:

- Тулебаев Мурат Болатович – директордың бірінші орынбасары;

- Смагулов Абдулла Кабиденович – директордың орынбасары;

- Касенов Талгат Амангельдыевич - директордың орынбасары;

- Оспанов Ерлан Елеусизович – директордың орынбасары;

- Косымбаев Мурат Болатович – директордың орынбасары.

Жаңалықтар

13.08.2019
«Қазақстан Республикасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру» тақырыбында семинар өтті
Толығымен оқылу
09.10.2018
«KAZAKHSTAN SECURITY SYSTEMS 2018» қауіпсіздік және азаматтық қорғаныс жөніндегі IV халықаралық көрме
Толығымен оқылу
22.06.2018
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасында Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өтті
Толығымен оқылу