«ҚР ПІБ «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы»

Шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК

«Адал еңбек - жоғары сапа кепілі»

Байқау туралы хабарлау

«ҚР ПІБ «ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» ШЖҚ РМК конференц-жүйелерін техникалық қамтамасыз ету қызметі жетекші инженер-электроншысының бос лауазымына конкурс өткізетінін хабарлайды (жұмыс орны «Қаржы министрлігі» ғимаратында).

Талаптары:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім (радиотехника, ІТ технология, байланыс);
  • мамандығы бойынша жұмыс өтілі кем дегенде 5 жыл;
  • ПК тәжірибелі қолданушы.

         Конкурсқа қатысушының тапсыратын құжаттар тізімі:

  • жеке куәлігінің көшірмесі;
  • толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы, жұмыс істеген қызметтер тізімі немесе резюме (нақты тұратын жері мен байланыс телефондары көрсетілген);
  • білімі туралы құжаттардың көшірмесі.

         Кандидат өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне (білімі, біліктілігін арттыру, ғылыми деңгейін игергені туралы құжаттардың көшірмесі, бұрынғы жұмыс орнынан ұсыным хат және т.б.) қатысты қосымша ақпараттарды ұсына алады.

         Құжаттарды қабылдау 2019 жылғы 18 ақпаннан 4 наурыз аралығында жүргізіледі.

         Конкурсқа қатысушы құжаттарды Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер Үйі» ғимараты, 13В кіреберісі мекенжайына  жеке тапсырады немесе dazvacant@daz.udp-rk.kz электронды поштасына жібере алады.

Басқа қойылатын сұрақтар бойынша 8 (7172)  74-00-46, 74-14-06 телефондарына хабарласуға болады.


Кадр бөліміне резюме жіберу

Жаңалықтар

13.08.2019
«Қазақстан Республикасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру» тақырыбында семинар өтті
Толығымен оқылу
09.10.2018
«KAZAKHSTAN SECURITY SYSTEMS 2018» қауіпсіздік және азаматтық қорғаныс жөніндегі IV халықаралық көрме
Толығымен оқылу
22.06.2018
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасында Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өтті
Толығымен оқылу