«ҚР ПІБ «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы»

Шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК

«Адал еңбек - жоғары сапа кепілі»

Компания тарихы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 қазандағы № 1427 қаулысы

«ҚР Президенті Әкімшілігі, Парламенті және Үкіметінің әкімшілік ғимараттарына қызмет көрсету дирекциясы» РМК құрылды.

1997 жылғы 20 қазан
«Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы ретінде жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты.

1998 жылғы 6 мамыр
«Қазақстан Республикасының астанасы – Ақмола қаласын – Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы ретінде атын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты.

1998 жыл
Мемлекеттік органдардың негізгі бөлігі Астанаға қайта көшірілді. 10 маусымда Астана қаласы алғаш рет Астана күнін атап өтті

10 қаңтар 1999 жыл

Нұрсұлтан Назарбаев альтернативті негізде Қазақстанның Президенті болып қайта сайланды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1339 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК болып қайта аталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1724 қаулысы

Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны болып қайта құрылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы Жарлығы
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейі құрылды. Мемлекет Басшысының бұрынғы резиденциясы ғимараты Музейге алғашқы келушілерді 2005 жылғы наурызда қабылдады.

2004 жылғы 24 желтоқсан
Қазақстан Республикасының «Ақорда» Резиденциясы жаңа Сарайына ресми таныстыру рәсімі өткізілді.
2005 жылғы 25 тамыздан 28 тамыз аралығында

Премьер-Министр Кеңсесі басшысы бекіткен арнайы кестеге сәйкес Үкіметтің орталық аппараты жаңа «Үкімет Үйі» әкімшілік ғимаратына көшірілді.

2006 жылғы 15 қыркүйек
№ 1, № 2, № 3, № 4 корпустарының пайдалану қызметтері мен техникалық қызметтері өз жұмыстарын бастады.

2006 жылғы 1 қараша
Кәсіпорынның құрамына Алматы қаласындағы ҚР Президентінің № 1 және № 2 Резиденциялары енгізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 519 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Қазақстан РеспубликасыПрезиденті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынан «Инженерлік-техникалық орталығы» акционерлік қоғамын шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 154 қаулысы
Кәсіпорнының құрамынан Алматы қаласындағы ҚР Президентінің № 1 және № 2 Резиденциялары шығарылды («ҚР ПІБ әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМҚК құрылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 154 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 311 қаулысына және «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының 2012 жылғы 26 сәуірдегі бұйрығына орай Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылды.

Жаңалықтар

31.10.2019
«Министрліктер үйі», №1 корпусы, №7 асханасында «Өзбек ас үйі» түскі асы өткізілді
Толығымен оқылу
24.10.2019
«Өзбек ас үйі» түскі асы ұйымдастырылып, өткізілді
Толығымен оқылу
17.10.2019
«Өзбек ас үйі» түскі асы ұйымдастырылып, өткізілді
Толығымен оқылу
16.10.2019
«Күзгі жәрмеңке» тақырыбына жәрмеңке
Толығымен оқылу